Көрсетілетін қызметтер

Мектеп-интернатта балалар 7-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін оқиды, оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мектепте 15 сыныптық бөлмелер бар: 1 лингафон кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, 2 компьютерлік кабинеттер. Барлық кабинеттер оқу үдерісін сапалы өткізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте 20 орындық оқу залымен кітапхана бар. Мектеп кітапханасында 16720 кітап бар оның 3268 оқулықтар.

Жалпы білімдік пәндері 17 оқытушы – мұғалімдер жүргізеді, олардың: 8 жоғары санатты. 2 бірінші санатты, 7 екінші санатты, барлық оқытушылар жоғарғы білімді.

Балалар интернатта бөлімшелер бойынша турады. 11 сынып оқушылары ҰБТ дайындалу және үлгерімдерін жақсарту үшін бөлек турады. Интернат 250 орындық. Барлығы 57 бөлме: оның 15 бөлмесі қыздардікі, 42 ер балалардікі, бөлмелер 2,3,4,5 орындық.

Интернатта жайлы тұруға барлық жағдайлар жасалған. Балалар төсек орындық керек жарақпен жабдықталған. Әрқайсысы 5 кабиналық екі шомылғыш бөлмелері бар, кір жуатын бөлме, онда балалар өздерінің жекелей заттарын жуа алады. Балалар жұма сайын моншаға барады. Дәрігерлік көмек көрсетуге интернатта медпункт, изолятор және емдеу кабинеттері бар. Дәрігерлік бақылауды 4 дәрігерлік қызметкерлер жүргізеді: 1 дәрігер, 2 медбике. 1 ас режимін бақылайтын қызметкер.

Тәрбиелік үдерісті 13 тәрбиеші жүргізеді. Тәрбиелік жұмыс мынадай бағыттарда жүргізіледі: азаматтық-патриоттық, құқықтық, парасатты – тынымдық, құндылықты – бағытталған, салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіптік бағдарлау, еңбекке баулу, экологиялық және ата-аналармен жұмыс. Демалыс күндері тәрбиешілер балалардың бос уақытын ұйымдастырушымен бірге сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді. Сынымен қатар психолог және әлеуметтік педагогтың кабинеттері бар. Интернатта демалыс бөлмесі бар, онда балалар теледидар көріп және үстел үстілік ойындар ойнай алады.

Мектеп-интернатта 120 орындық асхана бар, ол күрделі жөндеуден өткен. Сөткелік нормасы 5500 Ккал құрайтын әртүрлі және теңестірілген ас мәзірлі бесі рет тамақтанады. Балаларға күнде жеміс және шырыны беріледі.

Асханада 11 қызметкер жұмыс істейді: асхана меңгерушісі, қоймашы, 4 аспаз, аспаз көмекшісі, 2 ас бөлме жұмысшысы, 2 техничка.

Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернатта спортпен шұғылдану үшін 7 спорттық құрылым бар: 2 спортзал. 3 спортзалға бейімделген жасалар, ойын аланы бар. 2010 жыл дене шынықтыру – денсаулықты түзеу кешені пайдалануға берілді, онда екі күрес залы, 1 ойын залы, киім жай және шомылғыштар бар. Оқу – жаттығу сабақтарын оқушылармен 19 штаттық оқытушы – жаттықтырушылар жүргізеді. Оның: 10 адамы – жоғары санатты, 7 адам – 1-ші санатты, 1 адам – 2-ші санатты.

Мақаланы құрған күні 27.08.2019 16:22

Мақаланы жаңартқан күні 12.05.2021 11:32

coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области