Мемлекеттік қызмет

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9947 тіркелді.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

А. Мұхамедиұлы

"КЕЛІСІЛДІ"

 

 

 

Қазақстан Республикасы

 

 

 

Білім және ғылым министрі

 

 

 

____________ А. Сәрінжіпов

 

 

 

14 қараша 2014 жыл

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 69 бұйрығымен
бекітілген

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағида) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары (бұдан әрі - СДБМИ) қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) ауыспалы құрам - ОРММИК және СДБМИ-ге түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу жиыны және жарыстар кезінде шақырылатын және ОРММИК мен СДБМИ штаттарында жұмыс істемейтін жаттықтырушылардың және жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен тұрақты шұғылданатын спортшылар;

2) негізгі құрам - негізгі контингентке ОРММИК және СДБМИ директорының бұйрығымен қабылданған спортшылар;

3) оқушы - ОРММИК және СДБМИ-де білім алатын тұлға;

4) топтар (оқу кезеңдері бойынша) - оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары және жоғары спорт шеберлігі топтары.

3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес әзірленген, ОРММИК және СДБМИ білім беру мазмұны оқу жұмыс жоспарымен және бағдарламаларымен айқындалады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Оқушылар контингентін жинақтау тәртібі

4. Спорт түрлерінің тізбесі мен республикалық ОРММИК оқушылар контингентін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуі бойынша республикалық ОРММИК басшылары бекітеді.

Спорт түрлерінің тізбесін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ басшылары дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша бекітеді.

5. ОРММИК және СДБМИ контингенті басқа ОРММИК және СДБМИ-де, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері бойынша спорт клубтарында алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан жинақталады.

6. Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде ОРММИК және СДБМИ тиісінше уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша спортшылардың ауыспалы құрамымен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады.

7. ОРММИК және СДБМИ-дің 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-сыныптарына қабылдау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 15-тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

ОРММИК-ке техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша оқушыларды қабылдау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Ескерту: Олимпиада және Азия ойындарының, әлем, Азия, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері ОРММИК және СДБМИ-қа әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

8. ОРММИК-ге және СДБМИ-ға оқуға қабылдау тәртібі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірмей өздерінің интернет-ресурстарында жарияланады.

9. ОРММИК-ке және СДБМИ-ге құжаттарды қабылдау: 5, 6, 7, 8 және 9-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; 10 және 11-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 15 маусымнан бастап 15 тамызға дейін қоса алғанда; колледжге түскен кезінде жыл сайын 25 маусымнан 15 тамызға дейін қоса алғанда.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан- әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Тізбеде және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарына толықтығын және сәйкестігін тексереді.

Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14-1. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерге жібереді.

Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

17. Оқу-жаттығу жұмысының режимі мен топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

18. ОРММИК және СДБМИ оқушылары келесі негіздемелер бойынша оқудан шығарылады:

1) ата-анасының немесе заңды өкілдердің келіскен жағдайда өз еркімен;

2) денсаулық жағдайына байланысты (медициналық қорытынды негізінде);

3) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;

4) академиялық үлгермеушілігі үшін;

5) оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, спорттық дайындық режимін бұзғаны үшін;

6) спорттық нәтижелердің төмендеуі себебінен;

7) спорттағы тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді (допинг) қолданғаны үшін.

3-тарау. Оқу тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі

19. ОРММИК және СДБМИ-де негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасына, спорт түрі бойынша жаттығу және жарыс дағдыларына сәйкес қажетті білім көлемін алуға бағытталған оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері іске асырылады.

20. ОРММИК және СДБМИ-дегі оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерін жоспарлау ОРММИК және СДБМИ басшысының оқу жылына оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері кестесін және теориялық және тәжірибелік сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

21. Оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар, жеке жоспар бойынша жұмыс, медициналық-қалпына келтіру іс-шаралары, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларға, спорттық жарыстарға, матчтық кездесулерге, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық сауықтыру лагерлерінде болу, нұсқаушылық және төрешілік тәжірибе болып табылады.

ОРММИК және СДБМИ-дегі спорт түрлері бойынша бөлімшелерде оқу-жаттығу сабақтары 52 оқу аптасына есептелген оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.

22. ОРММИК және СДБМИ оқушыларды:

тұрғын орынмен;

тамақтанумен;

спорт формасымен және арнайы спорт киім-кешектерімен;

спорттық мүкәммал және құрал-жабдықтармен;

оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу-әдістемелік кешенімен;

оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысу кезеңдегі іссапар шығындарымен;

фармакологиялық қамтамасыз етумен;

жаттығу сабақтарына тасымалдау үшін көлік қызметімен қамтамасыз етеді.

4-тарау. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі

23. ОРММИК және СДБМИ-де қызметкерлерді жинақтау тәртібі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарымен белгіленеді.

24. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғаларға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.

25. ОРММИК және СДБМИ директоры, директордың орынбасарлары және әдіскерлер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді.

26. ОРММИК және СДБМИ-де білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген, Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

27. ОРММИК және СДБМИ-де оқушылардың оқуы мен тәрбиесінің, оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің сапасын арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысатын педагогикалық және басқа қызметкерлерді біріктіретін және басқарудың алқалық органы болып табылатын педагогикалық кеңес құрылады.

28. ОРММИК және СДБМИ-де оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесі, білім алушыларды даярлауды жеке жоспарлау, спорттық жарыстарға қатысу мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесінің әдістемесін жетілдіру, кейіннен оларды талқылай және тәжірибе алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу жөніндегі хабарламалары мен баяндамаларын тыңдайтын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.

29. ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесін, оның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.

Сабақ кестесінде күнделікті оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.

ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесі оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті ұзақтықты үзілістерді қарастырады.

30. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

31. Медициналық қызметкер оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, алдын алу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, оқушылардың тәулік бойы тұратынын ескере отырып, гигиеналық тұрғыдан негізделген жұмыс тәртібін ұйымдастырады.

32. Медициналық қамтамасыз ету, функционалды диагностика және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін ОРММИК және СДБМИ медициналық бөлімшемен (кабинетпен), қажетті ғимаратпен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.

1-қосымша

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Мақаланы құрған күні 26.01.2024 09:42

Мақаланы жаңартқан күні 26.01.2024 14:48

coronavirusПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области